Ауылдық аймақтарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тексереді

Ауылдық аймақтарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тексереді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне кезекті сыртқы талдауды іске қосты.

Талдау 2022 жылдың 8 тамызынан 26 тамызына дейін жалғасады.

Талдау нәтижелері бойынша елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылдау болжанады.

Сонымен қатар, тиісті құзыреттілікке ие және талданып отырған саланың қызметіне бағдарланатын өңірдің жанашыр тұрғындары жұмыс тобына қосу немесе әкімшілік кедергілер, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайлар туралы мәліметтерді ұсыну жолымен талдауға қатыса алатынын хабарлаймыз.

Бұдан басқа, кері байланыс арнасы құрылғанын хабарлаймыз, ол арқылы ауыз суды қамтамасыз ету және сапасы бойынша шағымдары бар ауылдық елді мекендердің тұрғындары 87079979079 нөміріне хабарласа алады.