Аталған бағдарламалық құжат Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 88-тармағына сәйкес іске асырылады.
Тұжырымдама жобасын Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қалыптастырды.
Талқылауға Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы, мемлекеттік органдардың басшылары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің түрлі жобаларының өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің басшылары, бизнес өкілдері, жастар көшбасшылары, ғылыми және педагогикалық қоғамдастықтың өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, қоғамдық кеңес мүшелері, қалалар мен аудандар активтері, БАҚ қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жаңа жобасы егжей-тегжейлі таныстырылды, Павлодар облысының жұртшылығы атынан пікірлер, ұсыныстар мен ескертулер тыңдалды.
Талқылау барысында келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер одан әрі жұмыста пайдалану үшін орталық аппаратқа жіберілетін болады.