Бүгін Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Ардақ Балғожиннің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын іске асыру жоспарының жобасын талқылау және квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережені қарастыру үшін өңірдің квазимемлекеттік және жеке секторларының комплаенс офицерлерімен жұмыс кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында кеңеске қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіне және өңірдегі одан әрі бірлескен жұмысқа қатысты өз ойларын белсенді түрде білдірді.
Бұдан басқа, белсенді комплаенс офицерлерінің қатарынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс кеңесін» құру және бүкіл өңірдің комплаенс қызметтерінің қызметін тарату үшін әлеуметтік желіде ортақ бет құру туралы шешім қабылданды. Бұл квазимемлекеттік және жеке ұйымдардың комплаенс қызметтерінің тәжірибесін бөлісуге және қызметін кеңінен таратуға мүмкіндік береді.