Мемлекеттік қызметшілерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп өткізілді

Мемлекеттік қызметшілерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп өткізілді
◽ Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың білімін арттыру, сондай-ақ "Тәлімгер" ЖҚБ сыбайлас жемқорлық көріністеріне парасаттылық және төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру мақсатында Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде 2021 жылғы 28-29 мамыр аралығында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің базасында өңірдің мемлекеттік қызметшілері үшін көшпелі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп ұйымдастырылды.
◽ Дәріскерлер ретінде Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалының өкілдері шақырылды.
◽ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың халықаралық және қазақстандық тәжірибесіне шолу жүргізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданбалы құралдар мен қадамдық ұсынымдар зерделенді, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарын еңсеру үшін пайдалануға болатын стратегиялар айқындалды, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын білу нығайтылды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістемесі игерілді, сондай-ақ Халықпен жұмыс істеу кезінде коммуникация дағдылары бекітілді.
◽ Іс-шара санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысының талаптарына сәйкес өтті.