"Заң мен тәртіп" апталығы: Павлодар облысының өкілдері республикалық жобаның тұсаукесеріне қатысты "Әділ қоғам"

"Заң мен тәртіп" апталығы: Павлодар облысының өкілдері республикалық жобаның тұсаукесеріне қатысты "Әділ қоғам"

Ағымдағы жылдың 24 маусымында "Заң мен тәртіп" жалпыұлттық қағидаты аясында Павлодар облысының өкілдері "Әділ қоғам" республикалық жобасының тұсаукесеріне қатысты.

Бұл жоба мәдени және білім беру бағдарламалары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы нығайтуға және кеңейтуге бағытталған. Іс-шараға Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары А.Оспанов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары А. Маликова, мәдениет мекемелерінің басшылары, жоғары оқу орындары мен жұртшылық өкілдері қатысты.

"Әділ қоғам" жобасы қоғамдағы азаматтық жауапкершілікті және адалдық қағидаттарын ілгерілету үшін мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың ғылыми және шығармашылық қауымдастықтарының күш-жігерін біріктіретін мәдени-ағартушылық және білім беру бастамалары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

 

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 87770001424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.