«Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Павлодар облысындағы «Ашық қабылдау» акциясы

«Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Павлодар облысындағы  «Ашық қабылдау» акциясы

Павлодар облысында шалғай елді мекендерде азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру мақсатында көшпелі мобильдік топтардың қатысуымен «Ашық Қабылдау» акциясы өткізілді. Осы бастама аясында елді мекендерге арнайы автокөлікпен  «Көшпелі қоғамдық қабылдау» келіп, Прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Қаржы мониторингі агенттігі және облыстық полиция өкілдері тұрғындармен кездесу өткізді.

Акция барысында тұрғындардың құқықтарымен заңдылықтарын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықты, қаржылық бұзушылықтарды және басқа да өзекті мәселелерді жою, халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ заңды мүдделерді іске асыру мәселелері бойынша кеңес беру мәселелері талқыланды. Акция халықпен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді нығайтуға, олардың қызметінің ашықтығын  қамтамасыз етуге бағытталған.

Іс-шара жергілікті тұрғындардың мәселелерін жедел анықтап, шешуге көмектеседі, азаматтардың құқықтары туралы хабардарлығын арттырады және құқықбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етеді.

 

 

#заң&тәртіп

#заңментәртіп

#законипорядок

 

 

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!