Павлодар: көлік инфрақұрылымы нысандарында «Заң мен Тәртіп» идеологиясы

Павлодар: көлік инфрақұрылымы нысандарында  «Заң мен Тәртіп» идеологиясы

Павлодар қаласында азаматтар мен көлік саласы қызметкерлері арасында «Заң мен тәртіп» қағидатын енгізу мен насихаттауға бағытталған ақпараттық-ағартушылық іс-шара өтті. 

Іс-шараға Павлодар көлік прокурорының орынбасары, Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің басшысының орынбасары, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің аға офицері қатысты. 

Кездесу барысында жолаушылар мен темір жол вокзалы қызметкерлеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, қазіргі заманғы алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері түсіндірілді. Қатысушылар заңнамадағы өзекті мәселелер бойынша кеңес алып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде ұсыныстар алды. 

Осындай іс-шараларды өткізу заңдылық қағидаттарын нығайтуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа деген төзімсіз көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді, бұл «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік тұжырымдаманың міндеттеріне сәйкес келеді.