Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту мәселелері бойынша семинар өткізілді. Іс-шараға Павлодар қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы, облыстық Прокуратура басқармаларының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшылары қатысты.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, құқықтық сауаттылықты арттырудың және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының этикалық стандарттарын қалыптастырудың өзекті мәселелері талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Алдын алу мақсатында семинарға медициналық қызметтерді мемлекеттік қаржыландырудың толықтығы ішкі процестерінің ашықтығына байланысты мекеме ретінде ӘМСҚ өңірлік филиалының қызметкерлері қатысты.
#заң&тәртіп
#заңментәртіп
#законипорядок