2025 жылғы 17 маусымда "Заң мен тәртіп" қағидатын ілгерілету және Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер жолаушылар пойыздарының жұмыс режиміне және теміржол көлігінде қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді.
Мониторингтің мақсаты вагондардың санитарлық жағдайын бағалау, билеттерді сату кезінде заңсыз делдалдар қызметінің жылжымалы құрамының кестесін сақтаудағы бұзушылықтарды, сондай-ақ жолаушылардың билетсіз жүру фактілерін анықтау болды.
Мониторингобъектісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылар пойыздары, "Северный" жолаушылар тасымалы жөніндегі өңірлік филиалы болды.
Тексеру нәтежелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер қатаң түрде жолушылар пойыздарының қозғалыс кестесін сақтау, негізсіз кешігулерге жол бермеу, сондай-ақ жолаушыларды кесте туралы уақтылы хабардар ету бойынша ұсыныстар берді.
Айта кету керек, көлік айлағы-Павлодар теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті және қазіргі уақытта жолаушыларға жайлылық деңгейін арттыру үшін заманауи талаптарға сәйкес келеді.
Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Сыбайлас_жемқорлыққа_қарсы_волонтерлер
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!