"Заң мен тәртіп" қағидатын ілгерілету және Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өңірдің мемлекеттік қызметшілеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
Іс-шараға 28 мемлекеттік қызметші қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды түсіндіру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру болды.
Семинар спикері Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің Превенция басқармасының басшысы Данияр Каукенов сөз сөйлеп, қатысушыларды Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының өзекті ережелерімен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістері мен тетіктерімен таныстырды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Адал_қызмет
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!