"Заң және тәртіп" қағидатын ілгерілету шеңберінде Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Баянауыл ауданында "Білім" білім беруді және мәдениетті дамыту қоры" ҚҚ бірлесіп жас мемлекеттік қызметшілерге арналған оқыту семинар-тренингін өткізді.
Іс-шараға Павлодар облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер Еркеғали Жанғазы қатысты. Тренинг аясында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзекті ережелерімен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау тетіктерімен және мемлекеттік қызметте парасаттылықты қалыптастыру әдістерімен танысты. Семинарға 25 мемлекеттік қызметші қатысты.
Осындай іс-шараларды өткізу сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін ортаны қалыптастыруға ықпал етеді және мемлекеттік сектордағы парасаттылық қағидаттарын нығайтады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Адал_қызмет
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!