Комплаенс институты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді нығайту

Комплаенс институты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді нығайту

«Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын дамыту мақсатында Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің өңірдегі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің комплаенс-қызметтерімен жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шара департамент басшысының бірінші орынбасары Асет Оспановтың төрағалығымен өтті. Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың ағымдағы жай-күйін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту тетіктерін, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жолдарын талқылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі стандарттарды енгізу тәжірибесіне, комплаенс-офицерлердің тиімді жұмысына және этикалық корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

 

 

#Заң_мен_Тәртіп   
#ЗАҢменТӘРТІП  

 

#Комплаенс_қызметі

 

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!