Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру және "Заң мен тәртіп" қағидатын ілгерілету шеңберінде Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті "Қазпошта" АҚ қызметкерлерімен Павлодар облысы бойынша оқыту семинарын өткізді.
Іс-шараның мақсаты-қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру және күнделікті қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған заңнамалық және этикалық нормалар туралы хабардар болу деңгейін арттыру. Семинарға 25 қызметкер қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелерімен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және алдын алу тетіктерімен танысты, сондай-ақ іскерлік этика мен ашықтық стандарттарын сақтау мәселелерін талқылады. Мұндай кездесулер корпоративтік ортада адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!