Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы: "Antiparacraft-2025" Республикалық квест-ойынының қорытындысы

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы: "Antiparacraft-2025" Республикалық квест-ойынының қорытындысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту тәсілдерін іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру және "Заң мен тәртіп" нарративі аясында Павлодар облысында "Antiparacraft-2025" Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойынының финалы өтті.

Іс-шара еліміздің әртүрлі аймақтарынан 11команданы біріктірді. Екі күн ішінде қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білімдерін көрсете отырып, зияткерлік және шығармашылық кезеңдерден өтті.

Соңғы тапсырмаларға визит карточкаларының тұсаукесері, "Брейн-ринг" зияткерлік ойынына қатысу және "Менің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарым" капитандар байқауы кірді.

Жобаның мақсаты-берік азаматтық ұстанымды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қажетті дағдыларды дамыту. Квест қорытындысы бойынша:

 -1орын және "Antiparacraft-2025" кубогын Қарағанды облысының "NoRust" командасы (Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті) жеңіп алды.

- 2 орын-Атырау облысының "Ар мен Заң" командасы (Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті).

-3орын-Павлодар облысының "LexAnticor" командасы (Торайғыров университеті).

Квест-ойынға белсенді қатысқаны үшін қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды.

- "Ең үздік визит карточкасы" номинациясын Абай облысының "Алаш Орда" командасы жеңіп алды (А. Бөкейханов атындағы университеті).

- Брейн-ринг интеллектуалдық сайысында ұшқыр ой мен озық ұстаным» номинациясында Ұлытау облысының "Жемқорлықсыз Жастар" командасы үздік атанды (Жезқазған Бизнес және көлік колледжі).

- "Ерекше қасиеттері мен командаға көрсеткен қолдауы үшін" номинациясы бойынша Атырау облысының "Ар мен Заң" командасы марапатталды (Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті).

Осындай ауқымды іс-шараларды өткізу жастардың қоғамдағы заңдылықпен тәртіптің маңыздылығы туралы түсінігін қалыптастыруға  ықпал етеді, оларды осы бағыттағы белсенді әрекеттерге шабыттандырады және өз елінің дамуымен өркендеуіне негіз жасайды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны, командалық рухы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз!

 

#Заң_мен_Тәртіп   
#ЗАҢменТӘРТІП  

 

#Antiparacraft_2025

 

 

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!