"Заң мен Тәртіп" қағидатын ілгерілету аясында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Қазақстан Республикасы ҚМ МКК Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне семинар ұйымдастырды.
Іс-шара Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлық қақарсы қызметтің қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептермен жағдайларды жою туралы ұсынысын қарауға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылықпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталған. Семинарға 90 қызметкер қатысты.
Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Данияр Каукенов және сотқа дейінгі тергеу басқармасының басшысы Алмас Алеуметов баяндама жасады. Олар қатысушыларды Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының өзекті ережелерімен таныстырды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесудің практикалық әдістерін ашты.
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік органдардың жұмысында ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Адал_қызмет
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!