30 мамыр күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.
Акцияның мақсаты-халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету. Мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтарды қабылдайды, құқықтың жетекші сарапшылары кез келген құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді.
Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
Павлодар қаласында іс-шара келесі мекенжайда өтеді: Ломов к-сі 38, Жастар бастамаларын дамыту орталығы сағат 16:00-де.