"Заң мен Тәртіп»: адал қызмет курсы

"Заң мен Тәртіп»: адал қызмет курсы

"Заң мен тәртіп" қағидатын ілгерілету шеңберінде Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығының алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара Павлодар облысы полиция департаментінің, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер Еркеғали Жанғазымен Гульнара Исенованың қатысуымен өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту" болды. Іс-шара аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, қызметтік этика нормалары, сыбайлас жемқорлықтың жеке және ведомстволық алдын алу шаралары талқыланды.

Құқық қорғау органдарының болашақ қызметкерлерінің ортасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тындаушылар талқылауға белсенді қатысты, сұрақтар қойды, мәселеге өз көзқарастарымен бөлісті. Іс-шараға барлығы 125 тыңдаушы қатысты.

Диалогтың бұл форматы кәсіби жолдың алғашқы кезеңдерінен бастап құқықтық сананы нығайтуға және қызметтік тәртіпке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.

 

 

#Заң_мен_Тәртіп   
#ЗАҢменТӘРТІП  

 

#Адал_қызмет_курсы


Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!