"Заң мен тәртіп" қағидатын ілгерілету және Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Павлодар қаласында "Antiparacraft-2025" Республикалық квест-ойынының екінші кезеңі аяқталды.
Осы кезеңде еліміздің әр өңірінен келген командалардың жұмысын бағалайтын комиссия отырысы өтті. Ұсынылған материалдардың құрамына SMART жүйесін пайдалана отырып әзірленген бейнероликтер мен жобалар кірді. Барлығы 16 команда өз жұмыстарын жіберді. Бағалау қорытындысы бойынша комиссия екінші турға өткен 16 команданы іріктеп алды.
Бұл командалар 28-29 мамырда Павлодар қаласында өтетін екі финалдық офлайн кезеңге қатысуға шақырылды. Финал барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттерді шешуде белсенділіктің жоғары деңгейін, креативті тәсілді және стандартты емес ойлауды көрсеткен үздік командалар айқындалатын болады.
Іс-шара жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүние танымды қалыптастыруға, адалдықты, ашықтықты және әлеуметтік жауапкершілікті насихаттауға ықпал етеді.
Комиссия құрамына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер Жұмағали Ергеғали мен Исенова Гульнара кірді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Antiparacraft_2025
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!