"Заң мен Тәртіп" қағидатын ілгерілету аясында ағымдағы жылдың 22 мамырында ANTIKOR ORTALYGY алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Амралинов Медет Тұрсынтайұлының төрағалығымен облыстың көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің жемқорлық қылмыстарды жасауға жағдайлар мен себептерді жою туралы ұсыныстар қаралды.
Жиналыс жұмысына ҚР КМ Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары міндетін уақытша атқарушы А.Н.Қуанышев, облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы С.Д.Талдыбаев және көліктік бақылау инспекциясы жеке құрамы қатысты.
Қатысушыларға облыс аумағында жүкті кедергісіз тасымалдау үшін жүк көлік иелерінен делдалдар арқылы жалпы сомасы 1,2 млн теңге пара алуда күдіктелетін облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары ұсталған бейнежазба көрсетілді. Содан кейін, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың себептері қаралып, нәтижесінде профилактикалық және тәжірибелік сипатта бар жемқорлық тәуекелдерді төмендетуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!