"Заң мен Тәртіп" қағидатын ілгерілету аясында Ертіс ауданында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға бағытталған семинар өткізді.
Семинарға 25 мемлекеттік қызметші қатысты, олар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, әдеп нормалары және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жарияланды.
Мемлекетік қызметшілердің қатысуын арттыру және білімдерін бекіту мақсатында интерактивті викторина өткізілді.
Қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жақсы түсінетіндіктерін көрсетіп, белсенділік танытты.
Осындай іс-шараларды өткізу сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін ортаны қалыптастыруға ықпал етеді және мемлекеттік сектордағы парасаттылық қағидаттарын нығайтады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Мемлекеттік_қызметшілер
#Семинар_адалдық_сыбайлас_жемқорлық
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болжемқорлысаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!