2025 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған жұмысшы мамандықтар өкілдерінің еңбегімен елдің дамуына қосқан үлесін тануға ерекше назар аударылады.
"Заң мен тәртіп" қағидаты аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті және "Әділдік және Өркендеу" қоғамдық қорының өкілі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтёр Гульнара Исеновамен бірлесіп "Еуроазияттық энергетикалық корпорация" АҚ-ның жұмысшыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара заңды сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қағидаттарына байланысты өзекті мәселелерді талқылау алаңына айналды. Оған 40 кәсіпорын жұмысшылары қатысты, олардың әрқайсысы сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы мәліметтерді және оның алдын алу бойынша ұсыныстарды қамтитын ақпараттық материалдар алды.
Кездесу барысында Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің Превенция басқармасының өкілі Әлия Есімханова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың құралдарымен тетіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтёр Гульнара Исенова қатысушыларды әлемнің 180 елінің мемлекеттік секторындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалайтын сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексімен таныстырды.
Осындай іс-шараларды өткізу құқықтық сананы нығайтуға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға ықпал етеді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жұмысшы_мамандықтары_жылы
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!