Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ—бұл мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған халықпен тікелей өзара іс-қимылдың тиімді құралы.
Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы мен "Заң және тәртіп" қағидаты аясында Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдерімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтёр Беслан Уюкбаевпен бірлесіп Ақтоғай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Ауданның "Open Aktogai" алаңында құрамына заң кеңесшілерінің палатасының, адвокаттар алқасының, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, ішкі істер органдарының, білім бөлімінің, мансаптық орталықтың жәнежергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Ақтоғай ауданының 40-тан астам тұрғынына заң көмегін көрсетті.
Тұрғындар жұмысқа орналасу, жылжымайтын мүлік, алимент, мұра және басқа да құқықтық аспектілерге қатысты мәселелермен айналысты. Әрбір кездесу ашықтықпен практикалық көз қарас ғидаттарына және ашық диалогқа негізделген.
Мобильді топтың сапарлары бекітілген кестеге сәйкес өңір бойынша тұрақты негізде жалғасатын болады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Сыбайлас_жемқорлыққа_қарсы_мобилді_топ
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болжемқорлысаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!