Батырлардың ерлігі – ұрпақтың мәңгі жадында

Батырлардың ерлігі – ұрпақтың мәңгі жадында

       Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы тыл ардагерлері Н.Дерягина және Р.Шляхтинаны құттықтап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығына сәйкес «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін табыстады.

        Департамент басшылығы тыл ардагерлерінің көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығын атап өтіп, бейбіт күн үшін алғыстарын білдірді.

        Батырларымыздың есімдері ел есінде мәңгі сақаталатынын айта отырып, ардагерлерімізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, жан тыныштығы мен амандығын тілейміз.

 

#ЗАҢменТӘРТІП

#ЗАКОНиПОРЯДОК