Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнінің 80 жылдығы мерекелерінің қарсаңында Ақтау қаласындағы қарттар үйіне барды.
Аталған шараның мақсаты қарттарға сый-құрметті арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
Қарттар үйінің басшысы Ы.Құлатай аталған орталықтың күнделікті өмірімен таныстырып, бұл жерде 104 қария тұратындығын атап өтті.
Департамент қызметкерлері қарттарды атаулы мерекелермен құттықтап, ұжым атынан сыйлықтарын табыстады.