Бүгін Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің жеке құрамының және ардагерлер, Маслихат депуттаттарының қатысуымен Отан қорғаушылар және Жеңіс күндеріне арналған салтанатты шарасы өтті.
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Б.Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Ш.Шаменов, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Департаменттің Анықтау және жолын кесу басқармасының басшысы С.Қаржаубаев және «Ерен еңбегі үшін» медалімен Департаменттің Превенция басқармасының басшысы А.Абдулов наградталды.
Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны және жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі» арнаулы атағы Департамент басшысының орынбасары Б.Баймағамбетовке, Департаменттің Сотқа дейінгі тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі А.Манкатаеваға және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет подполковнигі» кезекті арнаулы атағы Департаменттің Анықтау және жолын кесу басқармасының бөлім басшысы Ә.Қырқымбайға табысталды.
Сондай-ақ, қызметіндегі жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Департаменттің бірқатар қызметкерлері марапатқа ие болды.
Құқық қорғау органдары Академиясын аяқтап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қатарын толықтырған жас офицерлер салтанатты түрде ант берді.
Шара соңында Департамент басшысының бірінші орынбасары ант қабылдаған жас офицерлерге қызметтік міндеттерінде адал, парасатты болуын және еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қомақты үлес қосуларына сәттілік тіледі.
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.