Заң мен тәртіп: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында семинар өтті

Заң мен тәртіп: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында семинар өтті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау бойынша департаменті «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалында семинар өтті.

Жиынға Филиал директоры Н. Кидирбаев және қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Н. Мұқатай тұрмыстық жемқорлық деген ұғымға кеңінен тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылып отырған шаралар туралы айтты.

Бұдан бөлек, кездесу барысында Н. Мұқатай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық баяндамадағы негізгі бағыттарға тоқтала отырып, атқарылған жүйелі шаралар туралы, халықаралық ұйымдардың бағалауларына тоқталды.

Сондай-ақ, шарада спикер сыбайлас жемқорлық қылмастары туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жөнінде түсіндіріп өтті.

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.

#ЗАҢменТӘРТІП   #Заң_мен_Тәртіп