Заң мен тәртіп: Мемлекеттік қызметшілер арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру

Заң мен тәртіп: Мемлекеттік қызметшілер арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында мемлекеттік қызметшілерге жиын өткізілді.

Жиынға Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мен Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері қатысты.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілетудегі, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық пен парасаттылық қағидаттарын нығайтудағы маңызды қадам болды.

Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу арқылы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар түсіндірілді.

Сондай-ақ, семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі бейнероликтер көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметіне қатысты келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.

#ЗАҢменТӘРТІП   #Заң_мен_Тәртіп