Заң мен тәртіп: Маңғыстауда Көліктік бақылау инспекциясында семинар өткізілді

Заң мен тәртіп: Маңғыстауда Көліктік бақылау инспекциясында семинар өткізілді

«Заң және тәртіп» қағидатын нығайту аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Көліктік бақылау инспекциясы қызметшілерге түсіндіру шарасын өткізді.

Іс-шараға Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының ұжымы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департамент өкілі қатысты.

Жиын барысында Көліктік бақылау инспекциясы басшысы Б. Жандаев жемқорлықтың алдын алу бағытында әр түрлі нысаналы топтар деңгейіндегі  демкомпазицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша атқарған жұмыстар туралы баяндады.

Сондай-ақ, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға және мемлекеттік құрылымдардың жұмысында ашықтықты қолдаудың маңыздылығына қатысты мәселелерге назар аударылды.

Департамент өкілі Н. Мұқатай мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті арттыруда шешуші рөл атқарады және халықпен өзара іс-қимылды жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.

Іс-шара соңында «Заң мен тәртіп» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп және QR код арқылы сауалнама жүргізілді.

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.

#ЗАҢменТӘРТІП   #Заң_мен_Тәртіп