
«Заң және тәртіп» нарративі аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізді.
Өз сөзінде превенция басқармасының бас маманы Н.Мұқатай сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының 2022-2026 жылдарға арналған негізгі ережелерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіріп, мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылық, ашықтық және есеп беру қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелде ZOOM платформасы арқылы аудандық бөлімшелердің қызметкерлері қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер туралы сұрақтар қойды.
Шара соңында арнайы бейнеролик көрсетіліп, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.