Ағымдағы жылдың 29 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілікке қатысты.
Акцияның мақсаты – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шараға 30-қа жуық антикор еріктілер атсалысты.
Осыған орай, 4 шағын аудан жартас жолы мен «I love you Aktau» мүсіндік композициясы аумағы тазартылды.
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.