Заң мен тәртіп: Отандық және шетелдік университеттердің тәжірибесі туралы семинар өтті

Заң мен тәртіп: Отандық және шетелдік университеттердің тәжірибесі туралы семинар өтті

Ағымдағы жылдың 26 наурыз күні  «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: отандық және шетелдік университеттердің тәжірибесі» тақырыбы бойынша семинар өтті.

Шараның мақсаты - жастар арасында оқу орынында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік, адалдық, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, және де жастарды жемқорлыққа қарсы еріктік болуға ынталандыру.

Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі Н. Мұқатай «М.Әуезов атындағы ОҚУ» Ке АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жетекшісі Г. Дулатова, «Х.Досмұхамедов атындағы АУ» Ке АҚ Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі А. Мухамедина, шетелдік университет өкілдерінен «Abdul Wali Khan» университетінің саясаттану пәнінің оқытушысы, PhD докторы Zahid Ullah және Yessenov University сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Г. Джолдасбаева қатысып 1-3 курс студенттерімен ЖОО-дағы жемқорлық ахуалын анықтап, талдау жасады.

Кездесу барысында оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.

#ЗАҢменТӘРТІП   #Заң_мен_Тәртіп