«Заң мен тәртіп»: Талап бар жерде тәртіп бар

«Заң мен тәртіп»: Талап бар жерде тәртіп бар

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттерімен кездесу өтті.

Аталған шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Нұргүл Мұқатай қатысы.

Іс-шара барысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында заң талаптары, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұжырымдамасы түсіндірілді.

Сондай ақ, спикер: «Талап – адамның өзіне және айналасындағыларға қойылатын биік мақсаттары мен ұмтылыстары. Ал тәртіп – сол талаптарды орындаудағы басты құрал. Әрбір азамат өзіне жауапкершілік алып, қоғамға зиянын тигізбей заңға бағынып, тәртіпті ұстанымда болуы маңызды – деп атап өтті.

Кездесу соңында студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер  көрсетіліп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.

#ЗАҢменТӘРТІП   #Заң_мен_Тәртіп