Маңғыстауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «BasTime Aktau» куиз – интелектуалдар ойыны өтті

Маңғыстауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «BasTime Aktau»  куиз – интелектуалдар  ойыны өтті

Ағымдағы жылдың 20 маусымында мемлекеттік қызметшілер күніне орай «BasTime_Aktau»  куиз – интеллектуалдық ойыны Ақтау қаласындағы  Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық кітапхананың Әбіш Кекілбаев залында  өтті.

Сайыста  Ақтау қаласы әкімі аппаратының «Аппарат» командасы, құрылыс және сәулет бөлімінің «Сәулет» командасы, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Саясат» командасы, Маңғыстау облысының мемлекеттік инспекциясы басқармасы» ММ, Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің «Ынтымақ» командасы, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және «Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің «Комфорт» командасы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеумет» командасы, Маңғыстау облысы қаржы басқармасының «Қаржыгер» командасы бақ  сынады.

 

BasTime_Aktau»  куиз – интеллектуалдар ойыны 6 турдан тұрды. Куиз сыбайлас жемқорлық, құқық, тарихы мен мәдениеті, әдебиет, музыка, өнер бойынша танымдық және логикалық сұрақтарды қамтыған ойынды Алтынгүл Мендіхан  жүргізді.

 

Интеллектуалдық ойынның қорытындысы бойынша

І -орын  Сәулет командасы  Ақтау қалалық  құрылыс және сәулет бөлімі

ІІ- орын Қаржыгер командасы облыстық қаржы басқармасы

ІІІ -орын  Саясат командасы   қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі

Жеңімпаздарға  кітап дүкенінің  сертификаттары табысталды.

 

Қалған 4 команда Алғыс хатпен  ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.