Маңғыстауда а.ж. 10 сәуірден бастап Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекет мүлкін талан таражға салу және сыбайластықты тоқтару туралы «КӨКЕ» сатиралық комедия қойылымы көрсетіле бастады.
Қойылымда мақсаты айқын, жоспары нық Әділет есімді жас жігіт дипломмен, жас маман ретінде өмір сүру дағдысы мүлдем бөлек қалашыққа келіп жұмысқа кіріседі. Әділет жемқорлыққа батқан қалашықта Жаңа Қазақстан үшін күресіп, өз ұстанымында қалады. Оның жолында күнделікті өмірде көз үйренген кедергілер мен бөгеттер, өз мүддесін қорғаған дөкейлер кездеседі. Сыбайластықпен, түрлі айла тәсілдермен мемлекеттік тапсырыс арқылы бюджет қаражатын жымқыру, екіжүзді басшылар, олардың ығына жығылған қосшылардың әрекеті көз алдыңызда өрбиді.
Облыстық драма театрының режиссері Г.Миргалиеваның қойлымы бойынша шығарманы облыс тұрғындары өте жақсы қабылдады.
Айта кету керек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент уәкілетті орган ретінде Ақтау қ. мемлекеттік мекемелерге хат жолдап, қойылымға мемлекеттік қызметшілердің келуін ұйымдастырды.
Көрермендер шығарманы, жарқын сюжетті жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдірді. Бұл қойылымды республиканың басқа өңірлерінде көрсетуге ұсынуға болады деп санаймыз.