Кәсіпкерлікпен айналысқан Ақтау қаласы әкімінің орынбасары 483 мың теңге айыппұл төледі

Кәсіпкерлікпен айналысқан Ақтау қаласы әкімінің орынбасары 483 мың теңге айыппұл төледі

Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысы Шамурайт  Шаменов айтты.

Ақтау қаласы әкімі орынбасары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 154-бабына сәйкес, ҚР заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуға болмайтынын біле тұра,  кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған. Әкім орынбасары кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін 483 мың теңге көлемінде айыппұл төледі.

«Есептік кезеңде Департаментпен 30 әкімшілік хаттама толтырылып, бюджетке 10 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төленді»- деді Департамент басшысы

Егер, сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына тегін хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.