Маңғыстауда мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс жасаған

Маңғыстауда мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс жасаған

Маңғыстауда 7 мұғалім жалған дипломмен жұмыс жасаған.

 Бұл фактіні Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім саласына жүргізген мониторинг барысында анықтады.

        Нәтижесінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынымына сәйкес, жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімдер қызметтен босатылды. Білім басқармасы мұғалімдердің жұмыс кезеңінде алған үстемақыларын мемлекетке қайтару бойынша сотқа талап–арызбен жүгінді.

        Сонымен қатар, қазіргі таңда бір мұғалімге қатысты сот үкімі шығып, ҚР ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, айыппұл (20 еселенген айлық есептік көрсеткіш) түріндегі қылмыстық жазаға тартылды.