Кәсіпкер сот орындаушысының іс-әрекетіне қатысты шағымданды

Кәсіпкер сот орындаушысының іс-әрекетіне қатысты шағымданды

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жеке кәсіпкер сот орындаушының іс-әрекетіне қатысты шағым түсірді.

Сот орындаушысы жеке кәсіпкердің ұсақ мүйізді мал сатып алу туралы несиелік шарты бойынша 35 млн. теңге мүлкіне бұғат қойған. Ал кәсіпкердің несиелік  қарызы 5,1 млн. теңге жағдайында аталған соманың көлемі аз болуы тиіс еді.

Департамент пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мүдделі тараптардың қатысуымен кездесу ұйымдастырды. Нәтижесінде, сот орындаушысы несие бойынша төленбеген берешектің қалдығына тыйым салу туралы жаңа қаулы шығарды.