Желілік полиция бөлімінің қызметкері ұсталды

Желілік полиция бөлімінің қызметкері ұсталды

Ағымдағы жылдың 17 ақпанында Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижелері бойынша Түркия Республикасының кәсіпкерінен қылмыстық жауаптылықтан босату үшін 1 300 000 теңге сомасында пара алу фактісі бойынша Маңғыстау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкері әшкереленді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайтын болады.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.