Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мемлекеттік сатып алу саласында түсіндірме жұмысын жүргізді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мемлекеттік сатып алу саласында түсіндірме жұмысын жүргізді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаменті облыстық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелер мен кәсіпорын басшыларына және мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Департамент мемлекеттік сатып алу порталына үнемі мониторинг жүргізеді. Кемшіліктер анықталған жағдайда тиісті орындарға хат жолдап, сатып алу кезінде шекті бағадан асырылған фактілерді алдын алып отырмыз. Биылдың өзінде алдын алу жұмыстарының нәтижесінде 1,6 млрд. теңге көлеміндегі мемлекет қаржысы үнемделді. Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезеңінде бекітілген қағида талаптарын және «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының баптарын бұзбау керек,» деді Департаменттің басқарма басшысы Қайрат Байгебаев.

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №375 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары бойынша дәрі дәрмектер мен медициналық заттардың сатып алу кезінде шекті бағадан асырмау керек.

Егер, Сіздерге, сыбайлас жемқорлық деректері туралы белгілі болса, 1424 номеріне хабарлай аласыз.