Жүк көтергіш механизмдердің қауіпсіздігіне қатысты кеңес

Жүк көтергіш механизмдердің қауіпсіздігіне қатысты кеңес

Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары!

Ағымдағы жылдың 11 тамыз күні «Адал көмек» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Абабукиров Нұрқожа Тағанұлы жүк көтергіш механизмдердің қауіпсіздігі бойынша кеңес береді.

Спикер жүк көтергіш құрылғыларды қауіпсіз пайдалану (өндірісте жүк көтергіш крандар мен жүк қармау құрылғылары) оларды бақылау, қадағалау және техникалық қызмет көрсетуге қатысты кеңес береді.

Егер Сіздің сұрақтарыңыз болса, кеңес алуға шақырамыз.

Өтетін орны: Ақтау қаласы, 23 ш/а 100 ғимарат «Antikor» орталығы.

Өтетін уақыты: 11 тамыз, сағат 10:00.