Субсидиялау саласындағы талдау жұмыстары

Субсидиялау саласындағы талдау жұмыстары

Ағымдағы жылдың шілде мен тамыз айы аралығында Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына және агроөнеркәсіптік кешендерін субсидиялауға қатысты кешенді сыртқы талдау жұмыстары жүргізілді.

Талдау барысында өңірде мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы техникаларына, өсімдік шаруашылығын дамыту бағытында  субсидиялар бөлінгені және шаруа қожалықтарының өтінімдерін рәсімдеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  жол берілгендігі анықталды.  

Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялау бойынша «qoldau.kz», «plem.kz», «subsidy.plem.kz», «portal.iszh.kz» ақпараттық жүйелерінің шаруа қожалықтары үшін күрделілігі мен ақпараттық жүйлелерінің бір-бірімен байланыс орнатылмауы белгілі болды.

Талдау қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасына тиісті ұсынымдар енгізілді. Қазіргі таңда Агенттік тапсырмасына сәйкес, бірқатар шаруа қожалықтарының субсидиялану мәселесіне қатысты қосымша талдау жұмыстары жүргізілуде.