«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет активтерді қайтару жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.
2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,13 трлн теңгеден астам актив қайтарылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген қаражат ел игілігіне – әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталуда.
Атап айтқанда, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы қайтарылған 153,3 млрд теңге есебінен еліміздің әр өңірінде 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Бұл жобаның нәтижесінде 100 мыңға жуық оқушы орны жасақталды.
Маңғыстау өңірінде де осындай 4 жаңа мектеп салынды. Ақтау қаласында – 19А шағынауданда, 18 шағынауданда және Мұнайлы ауданының Қызылтөбе мен Басқұдық ауылдарында заманауи мектептер бой көтеріп, пайдалануға берілді.
Бұл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмыс нәтижесі халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуының жарқын көрінісі.
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз,@antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
#ЗАҢменТӘРТІП
#Заң_мен_Тәртіп