Маңғыстау облысында «Заң мен тәртіп» апталығы: сыбайлас жемқорлық туралы хабарла, болашақты қорға

Маңғыстау облысында «Заң мен тәртіп» апталығы: сыбайлас жемқорлық туралы хабарла, болашақты қорға

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету бағытында жұмысты жалғастыруда.

Мемлекеттік органға сенімді жоғарылатуда қоғамның атқаратын рөлі зор. Осы мақсатта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет байланыс арналары арқылы ашықтық қағидатын іске асырады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсететін адамдарға, егер кінәлі адамға қатысты сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, біржолғы ақшалай сыйақы төленеді.

Маңғыстау облысында қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 2024 жылы жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған 4 адамға 800 мың теңгеден астам сыйақы алды.

2025 жылдың 6 айында 4 адамға 1 млн теңге көлемінде сыйақы төленді.

Атап айтар болсақ, Полиция қызметкерінің пара талап еткенін хабарлаған «С» азаматқа сыйақы берілді.

Жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша хабарлаған тұлғаларға:

  • әкімшілік істер бойынша – 117 960 мың теңге (30 АЕК);
  • қылмыстық істер бойынша 157 мыңнан бастап 14,7 млн теңгеге дейін сыйақы төленеді (40-тан - 4000 дейін АЕК)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат берушілердің толық құпиялылығын қамтамасыз етеді.

Естеріңізге саламыз: Қазақстанда сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға болатын 1424 нөмірлі бірыңғай тегін call-орталық жұмыс істейді.

Сондай-ақ азаматтардың ыңғайлылығы үшін «Антикор 1424» WhatsApp чат-боты іске қосылған — хабарлама жіберу немесе сұрақ қою үшін 8 777 000 1424 нөміріне жазыңыз.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП