Маңғыстау облыстық мәслихат аппаратында «Заң мен тәртіп» апталығы шеңберінде дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі Нұргүл Мұқатай қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын, оның ішінде құқықтық жауапкершілік мәселелерін, халықаралық «Transparency International» ұйымының Қазақстандағы бағалауларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдаманың негізгі қағидаттарын талқылады.
Н.Мұқатай өз сөзінде Агенттік қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, алдын алу шараларын күшейту, сондай-ақ азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылдың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған нақты бастамалар мен көрсеткіштерге тоқталып өтті.
Іс-шара қатысушылар арасында пікір алмасуға, өзекті мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер қоғамда заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз,@antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
#ЗАҢменТӘРТІП
#Заң_мен_Тәртіп