Маңғыстау облысында «Заң мен тәртіп» апталығы: Құрық портында семинар өтті

Маңғыстау облысында «Заң мен тәртіп» апталығы: Құрық портында семинар өтті

          2025 жылғы маусым айында «Заң мен тәртіп» апталығы аясында Құрық портында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен семинар ұйымдастырылды.

          Семинарға Құрық портының ұжымы мен Департаменттің Превенция басқармасының бас маманы Мұқатай Нұргүл қатысты. 

           Іс-шараның негізгі мақсаты – ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заңнамалық жаңалықтармен таныстыру және ашықтық қағидаттарын насихаттау болды.

           Семинар барысында спикер 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарына тоқталып, қоғам мен мемлекеттің күшін біріктіре отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, «Integrity check» жобасы, комплаенс қызметтерінің атқаратын рөлі мен олардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқарудағы тиімділігі туралы түсінік берілді. Мұндай құралдар мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы ашықтық пен есептілікті қамтамасыз етуге бағытталған.

            Қатысушылар семинар барысында өз сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Іс-шара мазмұнды әрі тәжірибелік маңызы жоғары форматта өтті.

            Бұл кездесу «Заң мен тәртіп» апталығы аясында өткізілген іс-шаралар легінің бір бөлігі ретінде қоғамда парасаттылық қағидаттарын ілгерілетуге ықпал етті.

ЗАҢменТӘРТІП 

#Заң_мен_Тәртіп