«Заң мен тәртіп» апталығы аясында Ақтау халықаралық теңіз сауда портында құқық қорғау және бақылаушы органдардың өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Көліктік прокуратура, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті және Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлік департаменті қызметкерлері қатысты.
Кездесудің мақсаты – порт қызметкерлері арасында құқықтық мәдениетті арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларымен таныстыру және көлеңкелі экономиканың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстарды күшейту.
Іс-шара барысында құқық қорғау органдарының өкілдері сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, заңсыз әрекеттердің салдары мен оларды болдырмау жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, Қаржылық мониторинг қызметі көлеңкелі қаржы айналымымен күрес тетіктерін түсіндіріп өтті.
Ашық диалог форматында өткен жиында порт ұжымы көкейде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Қатысушылар мұндай кездесулердің қызметкерлер арасында парасаттылық мәдениетін нығайтуда маңызы зор екенін атап өтті.
Жиын соңында тараптар құқықтық түсіндіру жұмыстарын жалғастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында тығыз ынтымақтастықта жұмыстарын жалғастырады.
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз,@antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
#ЗАҢменТӘРТІП
#Заң_мен_Тәртіп