«Заң мен тәртіп»: Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында сыртқы талдау нәтижелері талқыланды

«Заң мен тәртіп»: Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында сыртқы талдау нәтижелері талқыланды

Ағымдағы жылдың 19 маусымында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында «Каспий жылу, су арнасы» КММ қызметінде және туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері талқыланды.

Жұмыс отырысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Ш. Шаменов қатысты.

2020-2024жж. аралығында туризм саласын қаржыландыруға облыстық бюджеттен 759 млн. теңге бөлінген. Маңғыстау облысы республика көлемінде туристерді қабылдау көрсеткіші бойынша үздік алты өңірдің қатарына енді. Шетелдік туристерді тарту жағынан 10-орынды иеленді.

Алайда, бұл салада да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталуда. 2022–2024 жылдар аралығында Облыстық Туризм басқармасы тарапынан туристік операторлық қызметпен айналысу үшін 16 лицензия берілген.

Жүргізілген талдау барысында туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын субъектілер мен олардың қызметкерлері арасында жасалған еңбек шарттарының кей жағдайларда фиктивті түрде, тек лицензия алу мақсатында рәсімделгені анықталды.

«Туризм саласы қоғамның басты назары мен бақылауын қажет етеді. Аталған факторлардың салдарынан бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуы және туроператорлық қызметтердің қағаз жүзінде қызмет атқаруы секілді тәуекелдері туындайтынын ескертіп, тиісті ұсынымдарды уақытылы орындауды тапсырамыз» – деді өз баяндамасында Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Али Абдулов.

Сондай-ақ, «Каспий жылу, су арнасы» коммуналдық кәсіпорыны қызметіне жүргізілген талдау қорытындысына сәйкес, коммуникация желілеріне қосылуға техникалық шарттардың негізсіз берілуі, бюджет қаражатының тиімісіз жұмсалуы, атқарылмаған жұмыстар үшін қаражат төлеу және штаттық кадрларды негізсіз ұлғайту түріндегі жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Талдау нәтижесі көрсеткендей инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттар осы уақытқа дейін кәсіпорынның бас инженерімен беріліп келген.

Енгізілген ұсынымдардың нәтижесінде, қазіргі уақытта техникалық шарттар кәсіпорынның бірінші басшысының қолымен ғана рәсімделеді.                           

Облыс әкімі тиісті жұмыстарды жетілдіру қажеттігін ерекше атап өтіп, жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.

 #Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢ_МЕН_ТӘРТІП