«Заң мен тәртіп»:АЭА «Ақтау теңіз порты» ұжымымен кездесу өтті

«Заң мен тәртіп»:АЭА «Ақтау теңіз порты» ұжымымен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 17 маусымда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті АЭА «Ақтау теңіз порты» ұжымымен кездесу өткізді.

Іс-шара заңдылықты нығайтуға, қызметкерлердің құқықтық санасын арттыруға және квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталды.

Департамент өкілі Н.Мұқатай кездесуге қатысушыларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын, 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының ережелері, комплаенс қызметтерінің функциялары мен міндеттері туралы түсіндірді.

Тұжырымдаманың алты негізгі бағытына, оның ішінде жауапкершіліктің кешіктірілмейтіндігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа құқықтық тосқауылдар жасауға және азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестерге белсенді тартуға ерекше назар аударылды.

Кездесудің соңында қызметкерлерге адалдық қағидаларын қолдауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП