«Заң және тәртіп»: мемлекеттік қызметшілер – адалдықтың айнасы

«Заң және тәртіп»: мемлекеттік қызметшілер – адалдықтың айнасы

«Заң және тәртіп» нарративі аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Ішкі мемлекеттік аудит департаменті ұжымымен дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шарада Превенция басқармасының бас маманы Н.Мұқатай сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының 2022-2026 жылдарға арналған негізгі ережелерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіріп, мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылық, ашықтық және есеп беру қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Шара соңында арнайы бейнеролик көрсетіліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.

 

#ЗАҢменТӘРТІП   

#Заң_мен_Тәртіп