«Заң мен тәртіп»: мұнай-газ саласындағы комплаенс қызметінің маңызын арттыру

«Заң мен тәртіп»: мұнай-газ саласындағы комплаенс қызметінің маңызын арттыру

«Заң мен тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында «Қаражанбасмұнай» АҚ базасында комплаенс офицерлердің қатысуымен кеңейтілген жиын өтті.

         Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.С. Дюсембаев, «Қаражанбасмұнай» АҚ бас директоры Н.М. Сәрсенбай, Департаменттің Превенция басқармасының басшысы А.Е. Абдулов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ комплаенс қызметінің жетекшісі Г.Ж. Молдағалиева, сондай-ақ өңірдегі ірі мұнай компанияларының комплаенс офицерлері мен мекеме қызметкерлері қатысты.

         Жиын барысында комплаенс офицерлерінің қызметтегі орны мен олардың кәсіби беделі талқыланды.

         «Әлемдік тәжірибеде корпоративтік адалдықты қамтамасыз етудің басты тетігі – тәуелсіз әрі тиімді комплаенс қызметтерінің жұмысы. Комплаенстің негізгі міндеттерінің бірі – құқықбұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін сақтау,» – деді Департамент басшысының бірінші орынбасары А.С. Дюсембаев.

         Департамент өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар мен стандарттар жайлы кеңінен мағлұмат беріп, қауіп-қатерлерді басқаруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

         Кездесу соңында қатысушылар квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық қағидаттарын нығайту жайында пікір алмасып, бейнеролик көрсетілімімен іс-шараны қорытындылады.

 

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП